Жаңасай НМ "Мұзбалақ ақын Мұқағали" іс шарасы » Жанасай орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жанасай негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)51 4 72
Есепші бөлімі:
+7(72778) 51-4-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңасай НМ "Мұзбалақ ақын Мұқағали" іс шарасы
16
май
2022

Жаңасай НМ "Мұзбалақ ақын Мұқағали" іс шарасы

Анықтама

01.02.2022-09.02.2022ж.ж «Достық» пән бірлестігінің ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91жыл толуына байланысты «Бүгін менің туған күнім…» атты он күндік іс-шара болып өтті.Апталықтың жоспары құрылып,әдістемелік бірлестік отырыстында таныстырылып,бекітілді.


Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім…»


Апталықтың мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
 
 

Апталықтың міндеті: Оқушыны сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Туған халқының талантты ақынына , әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Апталықтың жоспары: Апталықтың ашылу салтанатын ұйымдастыру,жоспармен және өтілген ашық сабақтардың тақырыптарымен таныстырылды. «О муза меніменен егізбедің…?» тақырыбында кітапханашы А.Құснатованың ұйымдастыруымен кітап көрмесі және көркем еңбек пәні мұғалімі М.Молжигитовтың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен және шығармашылығынан сурет байқауы өтілді.

Апталықтың екінші күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері Б.Уркинбаев пен Д.Аяттың ұйымдастыруымен 5-9 сыныптар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Оқушылар екі топқа бөлініп жарысты,жарыс 3 сайыстан тұрды.Атап айтқанда: шаңғы жарысы,шана жарысы және аққала жасау.Екі топта мақтау қағаздарымен марапатталды.Мұқағали шығармашылығы бойынша мектеп бірлестіктері арасында сайыс сабақ өткізілді. Сайыста «Өнер» пән бірлестігі, «Балдырған»пән бірлестігі, «Зерде» пән бірлестігі және «Достық» пән бірлестігі қатысты.Сайыс сабақ  пән бірлестігі қатысты.Сайыс сабақ 3 кезеңнен тұрды. 

1. Мәнерлеп оқу (Пән бірлестіктер ақынның өлеңдерін жатқа,мәнерлеп айту);

2.Сурет салу (Ақынның бір шығармашылығын таңдап,тақырыпқа сай сурет салу);

3. Өлең мағынасын ашу (Берілген өлең жолдарын қазіргі заман ағымына сай байланыстырып мағынасын ашу);

Нәтижесінде: «Өнер» пән бірлестігі бірініші орынды, «Зерде» пән бірлестігі екінші орынды «Достық» пән бірлестігі үшінші орынды иеленсе «Балдырған» пән бірлестігі көрсеткен нәтижелері үшін марапатталды.

Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі  Л.Аубакирова 7-сыныпта 

«Көксерек әңгімесі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Акылбекова 4 сыныпта ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы «Какие бывает дожди?». Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды.Сабақта біршама кемшіліктер орын алды. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана алмады. Мектеп әкімшілігі тарапынан сын-ескертпелер айтылды.

     Тарих пәні мұғалімі Е.Мухамедкалиев 9 сыныпта «Қ.Р Тәуелсіздігінің жариялануы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта мұғалім бейнепроектр, үлестірмелі материалдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін  білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. 

        Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ә.Иманбекова 6-сыныпта   «Мұқағали ақиық ақын» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Сабақты мұғалім жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасының модульдерін тиімі пайдаланды. Топтық, жұптық   жұмыстар жасалынып, сабаққа жаңаша үлгідегі көрнекіліктерді тиімді пайдаланды. Сонымен қатар сабақта қамтылмай қалған оқушылар болды. Сол оқушыларға жекелеп тапсырмалар беру керек еді. 

        Ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Бақыт 5 сыныпта «Musical instruments»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Оқушылар белсенді қатысты.Мұғалім жаңа сабақты жеткілікті түсіндіре білді.Сонымен қатар сабақта жаңаша әдіс тәсілдер қолдана білді.

 Апталықтың қорытынды кеші «Қазақтың қара өлеңі құдіретім...» тақырыбында өткізілді.Кеш  2-9 сыныптар арасында сайыс сабақ түрінде өткізілді.Оқушылар «Болашақ» және «Жалын» тобы болып топқа бөлінді.Сайыс сабақ 4 кезеңнен тұрды:

1. «Позия, менімен егізбедің…?» мәнерлеп оқу

2. «Мен қаншалықті білемін...?» сұрақ-жауап

3. «Ән көңілдің ажары» жеке орындау немесе топпен ән айту

4. «Айтылар естеліктер мен туралы...» көрініс көрсету

Қорытындысында «Жалын» тобы бірінші орынды иеленсе «Болашақ» тобы екінші орынды қанжығасына байлады.


Бірлестік жетекшісі:                     А.Бақыт


Анықтама


«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушыларға ауған соғысының ардагерлеріне арналған «Ерлік ұрпаққа мұра» атты видеоролик көрсетілді.Аталған шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Мерекелік шараның басы Ауған соғысында қаза тапқан жауынгер қандастарымызды бір минут үнсіз еске алумен басталды. Сосын, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Молжигитов сөз сөйлеп,түсіндірме жұмысын жүргізді. Ауылдың ауған соғысына қатысқан ардагерлері туралы мағлұмат беріп,таныстырды.

Бүгінгі жастар тарихпен мақтануы керек.Отанды шексіз сүйіп, оны жауларынан жан аямай қорғаған, Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған жауынгерлерімізді құрметтеу – әр перзенттің парызы.



Педагог ұйымдастырушы:                       А.Бақыт