Жаңасай негізгі мектебі КММ әлеуметтік педагог анықтамасы » Жанасай орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жанасай негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)51 4 72
Есепші бөлімі:
+7(72778) 51-4-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңасай негізгі мектебі КММ әлеуметтік педагог анықтамасы
19
апрель
2022

Жаңасай негізгі мектебі КММ әлеуметтік педагог анықтамасы

«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әлеуметтік педагогтың  жүргізілген жұмысына 

Анықтама

Әлеуметтік педагогтың мақсаты:

  Әр балаға қолайлы жағдай тудыру, әр түрлі әлеуметтік категориядағы отбасы балалармен жұмыс жасау, әлеуметтік көмекті  ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес мәселені шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру. 

   Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен бағыттары:

• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау; 

• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету; 

 • Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу; 

 • Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту; 

 • Денсаулығы бойынша тіркеуде тұратын оқушылармен жұмыс жүргізу.Үйден оқытуды қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау және үйде оқыту жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау; 

 • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен "Мектепке жол”  акциясын басшылыққа ала отырып, мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын ұйымдастыру; 

 • Мектеп жанындағы жазғы демалыс орталықтарына, жағдайы төмен отбасы балаларының тартылуын қадағалау; 

Әлеуметтік педагогтың  2019 – 2020   оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары жасалынып, жұмыс барысында мектептегі оқушылар арсынан аз қамтылған жағдайы төмен,  жартылай жетім, көп балалы, мүгедек бала отбасы балаларының тізімін округ әкімшілігімен бірлікте анықталып, бекітілді. Сонымен қатар, жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылар киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, 2019-2020 оқу жылына  жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінетін қаражатқа  әлеуметтік жағынан қорғалатын балаларға сұраныс берілді. Осы оқу жылында мектепке қарасты ата-аналар үйлері араланып, оқушылардың үйдегі оқу орындары, үй тұрмыс жағдайы, оқу құралдары түгендігі тексеріліп сабаққа келіп қатысуын, мектеппен тығыз байланыста болу керектігі түсіндірілді. 

     «Жаңасай  негізгі   мектебі»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесі, аудан әкімінің 2019 жылғы 05 шілдедегі «Мектепке жол»  акциясын  өткізу туралы № 42н/қ өкіміне сәйкес  аудандық   білім  бөлімінің   05 шілде 2019жыл №300 хатын  басшылыққа   ала  отырып,  жыл   сайынғы  жалпы  республикалық   «Мектепке жол»  акциясы   2019 жылғы  5 шілде мен   30   қыркүйек   аралығында  ұйымдастырылды.  Дәстүр   бойынша  акция  барысында   мектеп    жасындағы  балаларды   білім  ұйымдарында  оқумен   қамту, әсіресе  күн  көрісі   төмен  отбасылардан   шыққан   балаларға   әлеуметтік  көмек    көрсету  жөнінде  іс-шаралар   жоспары  түзіліп,  осы   акция  аясында  мектептегі, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы, мүгедек балаларға   жартылай  жетім  және   әлеуметтік  қолдауды  қажет   ететін  балаларға  қайырымдылық    шаралары ұйымдастырылып, бильборд   жасалынды. Аудандық білім бөлімінің   «Жүректен жүрекке», «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету», «Балаларды мектепке дайындаймыз»  ұранымен   өткізіліп  жатқан  акция   аясында, оқушыларға  пән   мұғалімдері   мен   сынып  жетекшілердің, ауыл кәсіпкерлерінің  демеушілігімен  оқу    және  жазу  жабдықтары    сатып  алынды.  Аудандық   білім  бөлімінің       05 шілде 2019жыл №300 хатына  сәйкес   «Мектепке  жол»    жалпы  республикалық  акциясы    өткізілуіне  байланысты,   оқушыларға   жолда   жүру  қозғалыс   ережелерін    сақтау,    жол   жүру  тәртібін  оқыту    бойынша  жұмыстар ұйымдастырылды.  

      Сондай-ақ,  ІІ жарты жылдықта оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу және кеңестер беру мектеп психологы, сынып жетекшілерімен бірлікте атқарылуымен басталды. Сонымен қатар, аз қамтылған, көп балаы, толық емес отбасы, жартылай жетім отбасынан шыққан оқушы, ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, онлайн оқу процесіне байланысты рейд ұйымдастырылып, әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға ай сайын қамқорлық көрсетіліп қорытындысы туралы аудандық білім бөліміне мәлімет беріліп отырды. Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында, 7-9 сыныптар арасында мектеп әкімшілігімен, ата-аналар арасында онлайн жиналыс ұйымдастырылып, оқушыларға мамандық таңдауы мен әлеуметтік  бейімделу диагностикасы жасалды.