Аубакирова Ляззат Рысбаевна » Жанасай орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жанасай негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)51 4 72
Есепші бөлімі:
+7(72778) 51-4-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аубакирова Ляззат Рысбаевна
16
март
2022

Аубакирова Ляззат Рысбаевна

Өмірбаян
Аубакирова Ляззат Рысбаевна 1982 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген. 1999жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы Ж.Құдайбергенов атындағы мектепті бітіріп, 2003 жылы "Дарын"әлеуметтік гуманитарлық иститутының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп,2006 жылы оқуды аяқтайды. 2007 жылы Алматы облысы Қарасай ауданындағы Ушинский атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады. 2009 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылы "Бірлік Сүмбе орта мектебі"КММ іс жүргізуші және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа кіреді.2012 жылыдан бастап Алматы облысы Ұйғыр ауданы "Жаңасай негізгі мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.
2018 жылы "Өрлеу"біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы "Қазақ тілі"және "Қазақ әдебиеті" пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы курсын оқыды.
2014 жылы Қ.Р білім және ғылым министрлігі "Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы "12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында "Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі"технологиясын қолдану шарттары" курсын оқыды.
2017 жылы "Назарбаев зияткерлік мектептері"ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген "Тәжірибедегі рефлексия" жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курсын аяқтады.
2017 жылы екінші біліктілік санаты берілді
2020 жылы "Ұстаз тілегі" республикалық ғылыми әдістемелік орталығы "Республикалық қазақ тілі пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиада жеңімпаздарын дайындаған үшін"алғыс хатпен марапатталған.
2013 жылы Аудандық панорамалық сабақ байқауында қазақ тілі пәні бойынша жүлделі 3 орын алғаны үшін марапатталды.
2016 жылы "Аудандық Нұр Отан партиясының" алғыс хатымен марапатталған. 

2019-2020 оқу жылында "Жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласын жоғарғы деңдейде дайындағаны үшін" дипломмен марапатталды.