Жаңасай негізгі мектебі КММ психолог жұмыс жоспары » Жанасай орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жанасай негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)51 4 72
Есепші бөлімі:
+7(72778) 51-4-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңасай негізгі мектебі КММ психолог жұмыс жоспары
19
апрель
2022

Жаңасай негізгі мектебі КММ психолог жұмыс жоспары


Бекітемін:

                                                                                                                           Мектеп директорының у.м.а             

                                                                                                                                                            ___________Ж.Алтынбекова

                                                                                                                                                         «1» қыркүйек 2021жыл

­­­­­­­­­­­­                                                                                                                                                     




Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2021-2022 оқу жылына арналған педагог –психологтың жылдық жоспары









Педагог-психолог:Қ.Джанысбаев



Психологиялық қызметтiң мақсаты:

Орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. 


Психологиялық қызметтiң мiндеттерi: 

бiлiм алушылардың тұлғалық және зияткерлiк дамуына ықпал ету, өзiн-өзi тәрбиелеу және өзiн-өзi дамыту қабiлетiн қалыптастыру; 

бiлiм алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуiне психологиялық жәрдем көрсету;

- тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

- психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;

- психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру; 

психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

- бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.









Бағыты

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Диагностика

1. Педагогикалық-психологиялық қызмет құжаттарын дайындау және психологтың жылдық жоспарын жасау, іс құжаттарды реттеу

2. оқыту курстарына қатысу.


Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1.Жаңадан келген оқушыларға психологиялық карта толтыру.      

2. 1-сынып оқушыларының мектепке дайындық деңгейін диагностикалау «К.Йиерасектің тесті» Мектеп оқушыларына психо – диагностикалық карта жасау.



Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

2.Мұғалімдерден сауалнама алу (1-сынып оқушыларының қиындықтары)

4.МАД тобы-1 сынып оқушыларынан «Жануарлар мектебі » әдістемесі

5.Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында «Ағаш» әдістемесі.(3-4 сынып)


Профилак-

тика

Сынып жетекшілермен жыл бойы жүргізілетін жұмыстарды талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу .

1.Отбасы күніне орай «Бақытты отбасы» бейнеролик ,«Отбасында ұл баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі» бейнебаян қашықтықтан

2. «Бейімделудің өту сатысы»

 1-5сынып ата –аналарына 


1. «Сіз агресияны қалай жеңе аласыз?» оқушылармен сұхбат.

Түзету-дамыту

2. Жасөспірімдік кезеңде жүргізлетін психокоррекциялық жаттығулар


3«Балаға отбасында психологиялық қолдау көрсету»

4.МАД- тобының тәрбиеленушілеріне «Баланың зейінін     дамытуға арналған ойындар» жүргізу

5.1- сыныптарда мектепке бейімделуді дамытуға арналған ойындарын жүргізу.

6 «Үй-кірпі –құлпы» қол жаттығулары  ( 2-9 сыныптарға)

7. «Өмір керемет», «Бұл әлем қандай тамаша» психологиялық     тренинг-сабақ  5-9 сыныптар

Кеңес беру

 1. Оқушыларға психологиялық кеңестер беру 

2.Сұраныс бойынша жеке кеңес беру

3. Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес қашықтықтан 

4. Алынған  әдістемелердің нәтижелеріне сай ата-ананы хабардар ету

5.  Жас мамандарға бейімделуге байланысты кеңес беру

Диспечерлік жұмыс

2.Психологиялық зерттеу  жұмыстарын интерпретациялау және жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасау. (Анықтама, хаттама)










Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Диагностика

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1.Г.Айзенктің «Жеке тұлғаның психологиялық  күйін анықтау» сауалнамасы.5-9 сынып

2. Ерекше назардағы,

оқушыларымен «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі

5.Тәуекел топ оқушыларымен «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі

6.Дарындылық картасын жасау.

7. Оқушының оқу пәндеріне деген қарым-қатынасы мен қызығушылығын зерттеге  арналған сауалнама 5-9 сынып




Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1.Э.Ванердің «Қол тесті» әдістемесі

24. Э.Ховард бойынша стресске төзімділік.

5. С.Спилбергер бойынша өзін – өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы.


6. 1-4сынып оқушыларынан «Отбасы суреті» әдістемесі



Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1.  Басса-Дарки әдістемесі7-8 сынып

2 Филлипстің мектептегі. мазасыздықты анықтауға  бағытталған тесті 7-9 сыныптар үдерісін зерттеу (тест)

6.Бала қабілетінің даму деңгейін анықтауға арналған ата-аналар үшін сауалнама

7. «Үй-ағаш-адам» әдістемесі

8.2-сыныптар «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі


Профилактка

1. Жеткіншек кезеңдегі психологиялық ерекшеліктер.      

2. «5-ші сыныптағы бейімделу кезеңінің қиындықтары»


1. «Оқушының өз-өздеріне деген сенімділігін артыру» жаттығу (9-сынып)

2. «Буллинг » (әлімжеттіктің алдын алу мақсатында) оқушыларға бейнеролик көрсету

1. «Жүректен жүрекке» акциясы    

2  Аудан психологтарының  семинарына қатысу

Түзету-дамыту

1. «Жас маманға  жадынама

2.«Дарынды балалардың ерекшеліктері»

3. «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ!» 

5.«Өмір ағымына қарай таңдау жаса» тренинг 9 сынып. 

7. «Бірлігі жарасқан ұжым» ұжыммен тренинг(ӘБ апталығы)    

8. Тұлғалық қарым –қатынасты дамытуға  және өзіндік бағаны көтеруге арналған  жаттығулар 6-7 сыныптар 

9«Мамандығым мақтанышым» 9сынып оқушыларымен тренинг

Кеңес беру

1.Сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңес беру;

2.Тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес беру;

3.«Біз және біздің сынып» тақырыптарында тренингтер өткізу;



Диспечерлік бағыт

1. Психологиялық зерттеу жұмыстарын интерпретациялаужәне жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасау /анықтама, хаттама./  

2.5 сынып бейімделуі  қорытындысын шығару.

3.9 сынып оқушыларының бейіндік бағыты туралы  хабарлама жасау.

4.Психологиялық қызметтің 1-ші жартыжылдық есебін беру.



Бағыты

Ақпан

                       Наурыз

Сәуір

Мамыр 

Диагностика

1.«Аяқталмаған сөйлем»

əдісі (5-9 сынып)

2.«Мамандық таңдау түрткілері» тест  (9-сынып)


12.«Қызығушылық картасы» 9- сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын анықтау

2. «Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау»  Реан сауалнамасы (ұстаздардан сауалнама)

1. Жұмыс қабілетіндегі жүйке жүйесінің күшін анықтау «Теппинг тест»Е.П. Ильиндің

(5-7 сынып)

1.Мектеп бітіруші түлектердің емтихан кезіндегі келеңсіздіктердің алдын алуға байланысты іс-шаралар ұйымдастыру;


Профилактика

1. «Мамандықтар аукционы» 9 сынып оқушылары мен ата-аналарға кәсіптік бағдар беру мақсатында әр түрлі мамандық иелерімен кездесу(ZOOM платформасы)

1.  Аудан психологтарының семинарына қатысу

4. «Денсаулықтың құпиясы неде немесе 9 қарапайым ереже» бейнеролик көрсету

1. «Мен өмірді таңдаймын!» семинар-тренинг 8-9сынып        

2.   «Өз көңіл күйіңді қалай басқаруға болады?»бейнеролик



Түзету-дамыту

1. Жамандықтың алдын алу мақсатында оқушыларға шабыт беру, өмірдің мәні мен мағынасын түсіндіру: «Өмір мен саған ғашықпын» шығарма мен сурет байқауы 

2. «Қауіпсіз ғаламтор!» акция

3. 4-5 сынып бейімделуі бойынша  пән мұғалімдерімен зерттеу қорытындысы бойынша кеңес беру        

4. Психологиялық қызметтің жылдық жұмыс есебін даярлау

Кеңес беру

1.Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына кеңес;

2. Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңес беру;

Диспечерлік бағыт

Психологиялық зерттеу жұмыстарын интерпретациялаужәне жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасау /анықтама, хаттама./  

Оқушыларға, ата-аналарға және мектеп педагогтарына  әр түрлі тақырыптарда  түсіндірме жұмыстарын жүргізу 

 Педагогикалық  кеңес отырысында психологиялық қызметтің  жылдық есебін беру.