Жаңасай негізгі мектебі КММ ата аналар жиналысы хаттамасы » Жанасай орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жанасай негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)51 4 72
Есепші бөлімі:
+7(72778) 51-4-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » Жаңасай негізгі мектебі КММ ата аналар жиналысы хаттамасы
19
апрель
2022

Жаңасай негізгі мектебі КММ ата аналар жиналысы хаттамасы

«Жанасай  негізгі мектебі»

коммуналдық  мемлекеттік мекемесі


«Жаңа оқу жылының басталуы» 1-9 сынып ата-аналарының   жиналысы

Хаттама№1


Қатысқандар: 20

Қатыспағандар: 4

Өткізу күні: 29 тамыз 2021 жыл

Өткізу уақыты:10.00 

Тақырыбы:Жаңа оқу жылының басталуы

Ата-аналар жиналысының мақсатыжаңа 2021-2022 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету

Өткізу форматы: қашықтан, Whats App желісі арқылы

Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері), мектеп директорының у.м.а, ДТІЖО, психолог, кітапханашы


Күн  тәртібі:

Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары. 

1.Оқытудың дәстүрлі режимінде санитарлық талаптарды сақтау.

2.Баланыңоқурежиміжәнедемалысы. 

3.Баланы өздігіненоқуғақалайынталандыруғаболады?

     4.Ата-ана мен баланыңқарым-қатынаспсихологиясы

Тыңдалды:

1.Бірінші сөз алған, мектеп директорының у.м.а Ж.Алтынбекова .

Жаңа 2021-2022 оқу жылындағы оқу форматтарымен  таныстырды.

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы»  атты қашықтықтан өткізілетін ата-аналар жиналысын    директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Молжиитов 

1-9 сынып жетекшілерімен  Whats App желісі арқылы барлық  ата-аналар чаттарында айтып өтті.Слайдтарды, видеоны пайдаланып түсіндіріп берілді. 

     1-мәселе:Жаңа 2021-2022 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар етті. Жаңа оқу жылы барлық санитарлық талаптарды сақтап,дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. 

    2-мәселе: Пандемия кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы қатаң түрде сақталатыны ескертілді. Оқушылардың мектепке таза келуі, күнделікті дене қызуын өлшеу, маскамен келуін қадағалау мектеп медбикесінің міндетінде екенін айтты. Мүғалімдер толығымен коронавирусқа қарсы екпе алған. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күнделікті маскамен келу, оны ауыстырып отыруын қадағалау міндеттеледі.Балалар бір сыныпта, сынып ауыстырмай оқиды. Арақашықтықты сақтау, үзілістердің әртүрлі болуы ескеріледі.

    3-мәселе:Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ. Сонымен қатар оқушылардың көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы, мектеп формасы (классикалық үлгі), оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі, мектеп тарапынан оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы толық ақпараттар берілді. 


Шешімі: 

  1. Дәстүрлі форматта оқу барысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге, карантиндік шараларды қатаң сақтап, жұмысын жалғастыру
  2. Оқыту кезінде «мұғалім - ата-ана – оқушы» тығыз байланыста болу
  3. Ата-ана оқушының әр сабаққа қатысуын бақылайды




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары              М.Молжигитов