Жаңасай негізгі мектебі КММ қаморшылық кеңес жиналысы хаттамасы » Жанасай орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жанасай негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)51 4 72
Есепші бөлімі:
+7(72778) 51-4-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » Жаңасай негізгі мектебі КММ қаморшылық кеңес жиналысы хаттамасы
20
апрель
2022

Жаңасай негізгі мектебі КММ қаморшылық кеңес жиналысы хаттамасы

ХАТТАМА № 3



Жанасай мектебі негізгі мектебі 10.09.2021ж


Қамқоршылық кеңесінің жиналысы


Қатысқандар: 10



Күн тәртібінде:


1. Қамқоршылық кеңесінің жүргізген бақылауының қорытындысы;

2. Кезектегі істер;


Тыңдалды:


Қамқоршылық кеңестің төрағасы Балтабаев Ғалым  мектепте асхананын жоқтығын,балалардың үйде уақтылы тамақтанып және жылу жүйесінің уақтылы 15 қазаннан бастап қосылғандығын айтып өтті.Мектепте көмір 11 тонна жеткілікті.Сұйық отын 4 тонна.

Сөз алғандар:


Жүнісов Нұрдан/мүшесі/, Абдрешов Жарқын /мүшесі/  бар айтылып өтілген бақылау нысандары туралы оның ішінде мектеп жылу жүйесі жазда жөнделіп қыс мезгіліне дайын екендіктерін , олардың жұмыстары туралы айтып өтті.


Қаулы қабылдады:


1.1  . Қамқоршылық кеңестің жұмысын ары қарай жүргізу. Мемлект тарапынан бөлініп отырылған қаржылардың жұмсалуын уақтылы қамқорлық кеңес мүшелері бақылап отырсын.


1.2. Аз қамтылған отбасы оқушыларын және қамқорлықтағы баланы бақылап, көмек көрсетіліп тұрсын



Қамқоршылық кеңес төрағасы               Балтабаев Ғалым Солтанбаевич

Хатшы                                                       Өмірбекова Бақыткүль







ХАТТАМА № 2


Жанасай негізгі мектебі  03.08.2021ж

Қамқоршылық кеңесінің жиналысы

Қатысқандар: 10

Күн тәртібінде:

1. Мерекелік іс-шараларға материалдық көмек көрсету туралы;

2. Кезектегі істер;

Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңестің төрағасы Балтабаев Ғалым жиналысты бастап 30 тамыз Конститутция күні, 1 қыркүйек білім күніне,1 қазан Қарттар күніне,қазан айының алғашқы аптасы мұғалімдер күніне, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл шыршасының өтуіне және аудан әкімінің шыршасына баратын оқушының жол ақысына көмек көрсету , безендіру жұмысына материалдық көмек көрсетсек деп айтып өтті.

Сөз алғандар:

Нұрдан Жүнісов /мүшесі/ ,Қилыбаев Ақбай /мүшесі/  мектептің атаулы мерекелерін безендіруімен , жаңа жылдық шыршаның безендіруіне көмек көрсетейік деді. ДТІЖО М.Молжигитов - «Қамқорлық» акциясының 1 тамыз 30 қыркүйек  

 аралығында өтетіні жайлы және акцияның мақсаты және өту барысымен таныстырды. Акцияның мақсаты: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға Қазақстан Республикасының Заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету . Әлеуметтік себептер бойынша (киім, аяқ киім, оқу құралдары, мектептік керек жарақтарының) сабаққа балалардың келмеуінің алдын алу деп айтып өтті. Акцияның өту барысы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылсын.

Қаулы қабылдады


1.1 . Мерекелік іс-шаралардың безендіру жұмыстарына көмек көрсету.


1.2. Аудан әкімінің шыршасына баратын аз қамтылған отбасы баласының жол ақысына көмектесу.


Қамқоршылық кеңес төрағасы                     Балтабаев Ғалым Солтанбаевич

Хатшы                                                             Өмірбекова Бақыткүль